Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ана қуанышы әлемді нұрға бөлейді! (ФОТО)

15.03.2017 3472 0 пікір

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен мешіт ұжымы Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың әлеуметтік бейімделу орталығында» КММ тұратын аналарды зиярат етіп қайтты.

Мүмкіндігі шектеулі, зағип Бағила Қабанбаева, Любовь Косоротикова мен Райгүл Жанысбаеваға мешіт атынан сыйлықтар табысталды. Сыймен қатар көктем мерекесімен бірге келген аналар күніне орай әрқайсысына балғын, дәмді торт берілді.

Бас имам ананың исламдағы ролі туралы тілге тиек етіп, зор денсаулық тіледі. Ардақты аналар да өз разылықтарын білдіріп, батасын берді.

 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру