Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлыс қарсаңындағы ізгі кеш (ФОТО)

15.03.2017 3590 0 пікір

Кеше «Нұр Астана» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторы әз-Наурыз қарсаңында мерекелік шара өткізді.

Елорданың айшықты құлшылық ордасына ұдайы келіп, ғибадатын өтеуші қыз-келіншектер мен әйел жамағатына арналған шарада дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық әдет-ғұрып негіздері жаңғырды. Мешіт имамдары қазақ халқының салт-дәстүріндегі игіліктер жайында жамағатқа кеңінен түсіндіріп, асыл дініміздің ізгілікті істерге демеу болатынын жеткізді.

Әйелдер-қыздар секторы шара барысында әртүрлі танымдық дүниелерді көрсетті. Атап айтсақ, балаға азан шақырып есім беру, бесікке бөлеу, тұсауын кесу сынды тәлім-тәрбиелік мәні зор, шариғат үркіндерімен үйлескен игі дәстүрлер мерекелік шараның мәнін айшықтады.

Мазмұнды шара соңында ұлттық ас-тағамдармен көмкерілген ақ дастархан жайылды. Ақ жаулықты әжелер ізгі іске ұйытқы болған дін қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға аналық тілек-ниеттерін арнап, бата берді. «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру