
ҚМДБ Семей аймақтық өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатына арналған семинар өз мәресіне жетті.
Алла Тағала Құран Кәрімнің «Мүжәдала» сүресінің 11-аятында: «Алла иман еткендер мен ілім берілгендердің дәрежесін көтереді», – деген. Соның нәтижесінде Семей қалалық мешіттердің жамағаттары 1-ші топ екі апталық жоспарланған оқу бағдарламасын тәмәмдап, сертификат алды.
Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышбекұлы жамағатқа осы алған білімдерін жалғастырып жетілдіре беруге үгіттеді. Өз кезегінде, дәріс алған жамағаттар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Ерекше Төлеубек қажы мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлына екі апта бойы атқарған қызметіне ризашылықтарын білдіріп баталарын берді. Сертификат тапсыру Қос мұнаралы орталық мешітте өтті.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2017
3335
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру