Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жексенбілік сұхбат жүргізілді. ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша "Әйелдер-қыздар" секторының меңгерушісі Диляром Бектаева әйел жамағатына уағыз айтып, мемлекеттік мерекелерді атап өтудің ел ынтымағы мен бірлігін сақтаудағы маңызы, соның ішінде наурыз айындағы мерекелер туралы айтып өтті.
Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурызды тойлау кезіндегі жасалатын дәстүр-жоралғылардың ретін түсіндіріп, оның шығу тарихына тоқталып кетті. Сондай-ақ, өзгені мерекемен құттықтау күнә еместігін тілге тиек етті.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2017
3521
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру