Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешітте әйелдер сауат ашу курсы жұмысын бастады

14.03.2017 4329 0 пікір

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің қолдауымен қалалық «Досжан Хазірет» мешітінің жанынан әйелдерге арналған діни сауат ашу курсы ашылды. Жұмысы жуырда басталған курстың ашылу салтанатына арналып дастархан жайылып, шәкірттер мен мешіт ұстаздарының басын қосқан тағылымды шара өтті. 

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша әйелдер қыздар секторы және мешіт жанындағы сауат ашу курсының ұстазы Ақжарқын Жілісбаеваның ұйымдастыруымен өткен шарада шәкірттерге түрлі тақырыптарда уағыз-насихат айтылды. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұстазы Кенжегүл Қошқарова исламдағы білім алудың артықшылығы, маңызы туралы айтып, білім иелерінің екі дүниеде дәрежелері үстем болатындығын тілге тиек етті. Исламдағы маңызды ілімдердің бірі – Алланың кәләмі болған қасиетті Құранды оқып үйренудің маңызы, сауабы жөнінде айтты. Ал сектор меңгерушісі Диляром Бектаева әйелдер-қыздар секторының аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға шолу жасай отырып, сауат ашу курсының бағдарламасын түсіндіріп өтті.  Сондай-ақ, наурыз айындағы мемлекеттік мерекелердің елдің бірлік-ынтымағын сақтаудағы маңызына аз-кем тоқталып кетті.

Шара соңында мешіт ұстаздары Кенжегүл Қошқарова мен Диляром Бектаева сауат ашу курсының ұстазы Ақжарқын Жілісбаеваның жаңа жұмысына сәттілік, Алладан жеңілдік тілеп, Қасиетті Құран Кәрімді және «Дін - насихат», «Отбасы ғылымхалы» кітаптарын сыйға тарту етті.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру