13 наурыз күні Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Түркия дін істері басқармасы арасындағы келісім шарт негізінде өңірімізден 5 діни қызметкер арнайы жолдамаға ие болып, Түркия Республикасына 2 айлық оқу семинарына аттанды.
Шымкент қаласы және «Шымкент», «Сарыағаш» медреселерінің имам, ұстаздарын ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы қабылдап, барлық уақытты діни білім алуға жұмсап, тиімді пайладануды атап өтіп, имамдарымызға сәттілік тіледі.
Айта кету керек, Түркияда өтетін 2 айлық семинарға еліміз бойынша 30 имам аттанды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2017
3099
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру