
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының әйелдер-қыздар секторы, Алматы қаласы Бостандық және Әуезов аудандарының діни сауат ашу курстары ұстаздарының ұйымдастыруымен «Бүгінгі бойжеткен - болашақ ана» атты діни-рухани кеш өтті.
Рухани кешті Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы бастап, жамағатқа ыстық ықыласын білдірді. Осы кештің сыйлы қонақтары ретінде Тұяқ Қазыкенқызы, Фарида Мерхамитқызы, Балапан Айтбайқызы, Қалбибі Бейісбек апаларымыз қатысты.
![]()
Кеште филармония түлектері саз аспаптарымен күй шертіп, ән салды. «Ерке-Нұр» сән үйі мұсылман әйелдердің киім үлгісін көрсетті. «Қызды қырық үйден тыю» атты көріністер қойылды.
Рухани кеште Алматы қаласы әйелдер-қыздар секторының басшысы Ахметова Маржан ұстаз сөз түйіндеп, Балапан Айтбайқызы бата берді. Ұйымдастырушылар қонақтарға сыйлықтар табыс етіп, көпшілікке шашу шашты.
«Үш қызды тәрбиелеп, бой жеткізіп, мұсылман адамға тұрмысқа берген ата-ананың орны Жәннат» деген хадис бар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.03.2017
5016
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру