Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Жемде жеке кездесулер өткізді

12.03.2017 3366 0 пікір

Кеше Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды. Сапар барысында Жем қаласындағы 168/5 түзету мекемесіндегі сотталғандармен кездесіп, олармен жалпы және жекелей ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің жалғасында өкіл имам Т. Оспан Ембі қалалық «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесуге қала әкімі Ғалым Қобыландин және Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов та қатысты.

Мешіттің тыныс-тіршілігімен, жамағатымен жақынырақ танысып сұхбаттасқан өкіл имам Төлеби Дәділұлы мұсылманның келбеті, жүріс-тұрысы, ислам дініндегі бейбітшілік ұғымы туралы сөз өрбітіп, ел ішіндегі ынтымақ-бірлікті сақтаудың маңызы туралы айтты. Жамағаттың да тақырып төңірегіндегі ой-пікірі тыңдалды.

 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру