
Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан бастаған өңір имамдары әйел жамағатына – әжелер мен асыл аналарға, әпкелерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Бір қолымен бесікті, енді бір қолымен әлемді тербеген асыл жандарға барлық ізгі тілектерді тілеп, қашан да ұлттың ұйытқысы бола білген, ұл мен қызды тәрбиелеуші ұлағат мектебі, алыптың да анасы – әйелдердің отбасында да, өз ортасында да, қоғамда да орны ерек екендігін сөз етті. Ата-анаға құрмет, соның ішінде анаға көрсетілер ілтипат-құрметтің жөні бөлек, сыйы – жәннат болатындығын айтқан имамдар оларға аман-саулық тіледі, алғыстарын алды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.03.2017
3510
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру