ОҚО Шымкент қалалық облыстық орталық мешітінің дәмханасында «Анаға құрмет - баршаға міндет!» атты мерекелік дастархан жайылып, асыл аналарымызға құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек аналарды құрметтеу туралы жан-жақты айта келе Пайғамбарымыздың мына хадисін әсерлі етіп айтып берді. Абдулла ибн Масғұд (р.а.) былай дейді: «Мен Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға ең сүйікті іс қайсы?» – деп сұрадым. Сонда ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уақытында оқылған намаз», – деді. Мен: «Сосын қайсы?» – дедім. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ата-анаға жақсылық қылу», – деді. Мен: «Сосын қайсы?» – дедім. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла жолындағы жиһад», – деді» (Бұхари, Мүслім). Абдулла ибн Омар (р.а.) анасын мойнына салып алып Қағбаны тауап етіп жүрген бір кісіні көреді. Ол кісі бұған: «Уа, Омардың ұлы! Не айтасың? Мен осы қызметіммен анамның алдындағы борышымды өтедім бе?» – деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Омар (р.а.): «Жоқ. Сені босанарда оны қысқан толғақтың біреуін де өтемедің. Алайда үлкен ізгілік жасадың. Алла қаласа, аз ісіңе көп сауап жазар», – деп жауап берді.
Ата-анаға олардың тірі кезінде қызмет ету Алла жолындағы жиһадпен пара-пар іс. Тіпті, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ата-анасы тірі бір кісінің жиһадқа шығуына рұқсат етпей қойған.
Жалпы, мерекелік шараға 60-тан аса қарт апалар мен ұстаз әйелдер қатысты. Өкіл имам барша қатысушыларға арнайы гүл мен кәдесый тарту етті.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.03.2017
3276
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру