Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстікте «Әжелер мектебі» ашылды

12.03.2017 3776 0 пікір

ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешіт жанындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен облыстық «Әжелер мектебі» құрылды. Топ құрамына қажы апалар, көп балалы аналар мен мешітіміздің тұрақты намазхан әйелдері енгізілді. Жалпы, жаңа ашылыған топтың құрамында  38 мүше бар.

Негізгі мақсат, діни сауат ашу курстарын дамыту, ұрпақ тәрбиесі, салт-дәстүрімізді насихаттау, қыздардың имани қасиеттерін дамыту, қазақи асхана мәзірлерін үйрету,  қыздардың тұрмыс құрғанда не істеу керек, ене мен келіннің жолы, т.б. құндылықтар насихатталады.

Облыстық  «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Е.Әбиеваның айтуынша жаңа құрылған топ алдағы жылы атқаратын жұмыс жоспарын әзірлеп, тұрақты жүйелі түрде жұмыс жасайтындығын атап өтті.

Аталмыш шара соңында барлық аналарға  мерекелік дастархан жайылып, сый-сипат берілді.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру