Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірінде Наурыз мейрамы қарсаңында 8 отбасыға жер телімі берілді

12.03.2017 3324 0 пікір

Дана халқымыз «Баспана – бақыт шамы» деп текке айтпаса керек. Адам баласының алаңсыз өмір сүріп, еңбек етуі, өсіп-өркендеуі үшін ең әуелі жайлы баспана қажет екені баршасына мәлім. Соның айғағы ретінде «Наурыз» мерекесі қарсаңында Алматы өңірі бойынша өкілдігі жағдайы төмен отбасыларына арнап қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл қайырымдылық іс-шараның мақсаты – пәтер жалдап отырған отбасыларына болашақта өз баспаналары болып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін шаттық көңілмен атап өтуге ықпал жасау болып отыр. Жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен жағдайы төмен 8 отбасына жер телімдерін Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы салтанатты түрде табыстады. Сыйлыққа жер телімдерін алған аналардың жүздері қуанышқа толып, алғыстарын айтып,  шаттыққа бөленді.

Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сондай қайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ, әрі олар қайғырмайды» («Бақара» сүресі, 262-аят).

Қайырымдылық іс-шара соңында өкіл имам Алладан дұға жасап, ізгі ниет тілегін білдірді.

 Алматы өңірінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру