
Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деп өсиет айтады. Осы бір ұлағатты сөзді жүзеге асырып, Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіті жанындағы діни сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген қыз-келіншектер арасында «Дұха мен нәс» және «30-пара» деген аталым бойынша құран жарысы өтті.
Жарысқа ауыл-аудандардан келген сауат ашу курсының шәкірттері және ақ жаулықты әжелеріміз де қатысып бағын сынады. Сауат ашу курсына келуші әйел адамдардың ынталарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған Құран жарысы өте жақсы өтті. «Дұха мен нас» бойынша 3-орын Аягөз ауданынан келген Рахметова Шырын қызымызға, 2-орын орталық мешіт шәкірті Бисембекова Құрманбике апайымызға, 1-орын орталық мешітінің шәкірті Амангелді Мирамгүл қызымызға бұйырды. «30-пара» бойынша 3-орын Семей қаласының тұрғындары Абдулгани Карима қызымызға, 2-орын Бурабай Назгүл қызымызға, 1-орын Тыныбай мешітінің шәкірті Динара қызымызға бұйырды.
Жарыс жүлдегерлеріне I, II, III орын алғандарға ақшалай сыйлық және өкіл имамның атынан сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға да арнайы сыйлықтар берілді. Көрермен ынтасын арттыру ниетімен уағыз айтылып, жарысқа қатысушыларға дастархан жайылды.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2017
3495
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру