Қостанай облысы бойынша өкілділігінің "Әйелдер-қыздар" секторы ҚМДБ-ның ерекше бастамасы негізінде спорттың волейбол және шахмат түрінен намазхан әйелдер мен қыздар арасында жарыс өткізді. Жарысқа 4 командадан 24 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Фатима» тобы, екінші орынды «Қызғалдақ» және үшінші орынды «Фердаус» тобы иеленді.
Ал, шахматтан өткен жарыста бірінші орынды Әсем Найзабекова, екінші орынды Гүлжихан Есенжолова, үшінші орынды Сәуле Дүйсеке иеленді.
Жалпы аталмыш сайыс аруларымыздың жан-жақты дайындықпен келгендігін көрсетті. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
"Әйелдер-қыздар" секторының Қостанай облысы бойынша өкілі Аяулым Ермекқызы бастаған арулар қалалық №2 емханада болды. Онда ем алып жатқан аналардың хал-жағдайын біліп және қызмет көрсетуші ақ халатты абзал жандарға гүл шоқтарын табыс етті.
Сонымен бірге, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қайырымдылық ретінде азық-түлік таратылды.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2017
4170
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру