Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Әйелдер-қыздар" секторы әжелерге сыйлық жасады

10.03.2017 4253 0 пікір

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша "Әйелдер-қыздар" секторы көңілі қам қарт әжелер мен мүгедек жандарды зиярат етіп қайтты. Оларға сый-құрмет көрсетіп, құшақ гүл сыйлады, азық-түліктер апарып, тәттілер тарту етті. Кіші буынның қартқа көрсеткен құрметіне разы болған әжелер қыз-келіншектерімізге бата беріп, алғыстарын білдірді. Аурухана кереуетінде жатқан Айша әже де көңіл-күйі көтеріліп, бір жадырап қалды. Мүмкіндігі шектеулі жан Жанардың да жай-күйін сұрап келіп, жанына медеу болар сөздер айтқан әпкелеріне алғысы шексіз.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің

баспасөз қызметі  


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру