Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада мереке күні қарт аналарға қайырымдылық жасалды

09.03.2017 3262 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қайырымдылық бағыты бойынша шараларды жүйелі ұйымдастырып келеді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің имамдары шәкірттерімен бірге қарт аналарға құрмет көрсетті. Нақтырақ айтар болсақ, ауруханада ем алушы аналарды мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпаттарын табыстап, баталарын алды.

Қазақ қашанда үлкенді құрметтеп, жабырқағанның жанынан табыла білген халық.

Қашан да осындай игілікті шаралардың басы-қасында жүретін мешіт имамдары мен шәкірттері үлкендердің батасын алып қана қоймай, өзгелерге үлгі бола білді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру