Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ризабек Батталұлы «Дін мен Діл» бағдарламасында

09.03.2017 3734 0 пікір

Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Ризабек Батталұлы Сыр еліне жасаған іс-сапарында жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының  «Дін мен Діл» бағдарламасына қатысты.

Бағдарламаны ЖАНТ мүшесі, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Б.Оспанов жүргізді.

Бағдарлама аясында Ризабек Батталұлы исламдағы әйел-аналардың орны турасында насихат айтты.

Ислам дініндегі әйел-аналарды құрметтеудің маңыздылығына тоқталған  РАНТ мүшесі Ислам діні әйел баласын ана ретінде аса қадір тұтқандығын жеткізіп, «Жұмақ – аналардың табанының астында» деген ұғымның астарында терең мән бар екендігін тілге тиек етті.

Бұдан бөлек сұхбатқа құрылған бағдарламада Р.Батталұлы қоғамда орын алған діни ахуалдарға тоқталып, біршама сұрақтарға жауап берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру