
Талдықорған өңірі бойынша жергілікті ақпараттық-насихат тобы (ЖАНТ) жұмыстары жалғасуда. Насихат тобының жұмыстары уағыздармен ғана шектелмей, әр имамның білімін жоғарғы деңгейде ұстап тұру, заманның талабына сай болуын қадағалау, жан-жақты, түрлі, сан-алуан сұрақтарға жауап таба білу болып саналады.
Жуырда Талдықорған өңіріне қарасты 8 ауданда ауыл имамдарына арналған семинарлар болып өтті. Бұл жолы білікті имамдар ауыл имам-молдаларын жинап, «Ақида» пәнінен семинарлар өткізді.
Семинарда Абу Ханифа мәзһабы, Матуриди және Тахауи ақидаларына қатысты кеңінен дәрістер жүргізілді. Түрлі сұрақтарға жауап беріліп, заманның және діни басқарманың талаптарына сай болуына нақты тапсырмалар берілді.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2017
3429
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру