Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам медреседегі оқу барысымен танысты

09.03.2017 3529 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы мешіт жанындағы медреседегі оқу барысын қадағалап қайтты.

Өкіл имам ең алдымен, медресе ғимаратын аралап, оқу орнының хал-ахуалына қатысты түйткілді мәселелермен танысты. Екі айлық біліктілікті арттыру курсында тегін білім алып жатқан шәкірттердің діни оқулықтар, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілуіне көңілі толған Батыржан қажы медресе басшылығына зор алғысын білдірді.

Сондай-ақ, медреседе өтіп жатқан Құран сабақтарына қатысып, үйренуші шәкірттердің сауат ашу дәрісі бойынша алып жүрген білімдерін сынап көрді. Олардың араб әріптерін қатесіз дыбыстауына (тәжуид) мән беріп, мақамына (махараж) келтіріп оқу нақышына назар аударды. «Құран – Алланың кітабы, Алланың нұры. Сондықтан оны қатесіз оқу – үлкен сауап әрі жауапкершілік. Сіздердің осы курс барысында қол жеткізетін зор нығметтеріңіз сол – Алла кітабын қатесіз оқу мүмкіндігіне ие болу. Сондықтан курсты бітірген кезде сауатты оқып, жазуға қол жеткізуді мақсат ете білулеріңіз керек. Сол себепті Құран оқуға деген ықыластарыңызды арттырып, зейін қойыңыздар», – деді өкіл имам өз сөзінде.

Осы курс соңында шәкірттердің діни біліктілігін арттырғаны туралы арнайы сертификаттарға ие болатынын жеткізген өкіл имам олардың екі ай уақыттарын ұтымды пайдалануға шақырды.

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру