ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен тәрбиелік бағытта тамаша отырыс өтті. Оған ақ жаулықты әжелер мен апалар, ару қыздар қатысып, шараның ұйымдастырылуына мешіттің әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының шәкірттері белсенді атсалысты.
Шара басында қалалық «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жілісбаева «Ата-анаға құрмет» тақырыбында уағыз жүргізіп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу, оларға «түһ» деп те кейіс білдірмеу, құрметтеу, қартайғанда қызметін қылу – перзенттің парызы екендігін айтты. «Алланың ашуы – ата-ананың ашуында екендігін» айтып, жұмақтан дәмелі жан ата-анасының разылығын алуы керектігін жеткізді. Дастархан басында дәмнен ауыз тидіріп, аға буын мен кіші буын арасында жүрген жылы сұхбатта сыйлықтар да болды. Мешіт шәкірттері жасы үлкен әжелер мен ұстаздарға хош иісті гүлдер сыйлап, оларды ерекше қуантты. Тамаша отырыстан жасы кішілер үлкендердің бата-тілегін алып, зор алғыстарына бөленіп тарқасты.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2017
3665
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру