Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағатына уағыз жүргізілді (ФОТО)

09.03.2017 3303 0 пікір

Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі уағыз-насихат жұмыстары арнайы кесте бойынша бекітіліп, тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Солардың ішінде мешіттің әйел жамағатына арналған уағыз жұмыстарының орны ерекше. Әр апта сайын білікті мамандардың түрлі тақырыптардағы уағыз-насихатына ақжаулықты апаларымыз бастаған жамағаттың да көптеп жиналатыны да сөзіміздің дәлелі.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұхарбаеваның бұл жолғы уағызы «Нәпсімен күрес» тақырыбына арналды. Нәзікжанды аруларымыздың нәпсісін қалай тізгіндеп, тәрбиелеу керектігі жөнінде тұщымды насихат айтқан Эльмира ұстаз уағызы өте әсерлі өтті. Жамағат тарапынан аталмыш тақырып бойынша сұрақ қойғандардың саны да әдеттегіден әлдеқайда көп болды. Білікті ұстаз барлық сұрақтарға толыққанды жауап қайтарып, шариғат тұрғысынан жөн сілтеді. Кездесу соңы апаларымыздың ақ батасымен аяқталып, естелік суретке түсті.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру