Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай облысы Федоров ауданында Мәуліт мерекесі өтті

07.03.2017 3612 0 пікір

Қасиетті Мәуліт мерекесі барша мұсылмандар үшін жақсы амалдар мен сауапқа кенелетін берекелі ай екендігі белгілі.

Осыған орай Федоров ауданы «Жиентай қажы» мешітінің ұйытқы болуымен Мәуліт мейрамына байланысты бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.

Аудандағы балалар үйінде 25 балаға дастархан жайылып, оларға шын жүректен шыққан лебіздер айтылды.

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ұлттық спорт ойындарына баулу  мақсатында қазақ күресінен балалар және ересектер арасында жарыс өткізілді. 

Сонымен қатар балуандарға жоғарыда аталған мерекенің мән-маңызы түсіндірілді. Сайыс соңында ерекше көзге түскен азаматтарға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді.

 

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру