ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен облыста РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы іс-сапармен келді. Іссапар барысында Р.Батталұлы облысқа қарасты аудан, қала, кент мешіттерінің имам-молдаларымен кездесіп, арнайы семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингті орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат жүргізіп отырды. Ризабек Батталұлы негізінен имамдық қызметтің жүктейтін жүгі мен жауапкершілігі турасында насихат айтып, біршама кеңестер берді.
Ол сөзінде қазіргі заман имам-молдалары ғаламтор, ақпарат алмасу және байланыс құралдарын жете меңгеруі, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін игеруі керектігі, әрбір уағызын тарихпен, салт-дәстүрмен сабақтастыра білуі, салиқалы шешендік сөздермен үйлестіруі қажеттігін баса айтты.
Ілімін жетілдіру мен тақуалықты күшейтудің маңызын да жеткізді. Жалпы, имамдардың біліктілігін арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.03.2017
3533
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру