Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мейірім көрсетпеген, мейірімге бөленбейді

07.03.2017 3979 0 пікір

Дәл осындай атаумен Қызылорда қаласында облыстық мүгедектерді оңалту орталағында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шараны ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті  ұйымдастырды.

«Мейірім етпеген мейірімге бөленбейді» атауымен ұйымдастырылған шараға облыс өнерпаздары қатысып, өнер көрсетті.

Шарада орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға уағыз-насихат айтты.

Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды» деген.

Қоғамның бір мүшесі болып табылатын мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мұқтаж жандарға қол ұшын созуды әдетке айналдырған мешіт ұжымы қатысушылар тарапынан зор алғысқа бөленді.

 

Орталық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру