
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі облыстық Жастар ісі бөлімінің өкілдері «Науқастың халін сұрау мұсылманның міндеті» атты қайрымдылық шарасын өткізді.
Науқас кісілерді зиярат ету – ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалған сүннет. Ол үнемі науқастарды зиярат етіп, өзге мұсылмандарға да осылай істеуді бұйырып отыратын. Науқас кісіні зиярат еткен адам оған рухани күш-жігер береді. Бұл өз кезегінде кісінің өзіне сауап әкеледі.
Қайырымдылық шара кезінде науқастардың халін сұрап, оларға жақсы лебіздер білдіріп және ҚМДБ бекіткен кітаптар мен бет орамал тарту етілді.
Мұндай шараға науқастар өздерінің ризалықтарын білдіріп, ҚМДБ-ның жұмыстарын жоғары бағалады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.03.2017
3688
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру