
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қалыптасқан үрдіс бойынша кеше жексенбілік уағыз сағатына белгілі дін ғалымы, көптеген діни кітаптар авторы Абдулла Жолдас ақсақал шақырылып, ғибратты кездесу өтті. Ақшам намазынан кейін ақсақалды алқалай отырған жамағат саны барған сайын көбейе түсіп, келушілер легі құптан намазына дейін толастамады.
Әсерлі уағыздың әлқиссасын қасиетті Құран Кәрімнен бастаған ақсақал қазақы ұғымда аяттар ақиқатын тәпсірлеп, тарихына тоқталды. Бірте-бірте бауыры жазылған жүйріктей көсілген Абдулла ақсақал атақты мәзһаб ғалымы Мәлик имамның ғибратты ғұмырына да тоқталып, көңілге ой саларлық оқиғаларды баяндап берді. Кездесу соңында әдеттегідей жамағаттың сұрақтарына кезек беріліп, түйткілді тақырыптардың түйіні тарқатылды. Кездесудің бейне нұсқасы алдағы күндері сайтымызда жарияланатын болады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.03.2017
3720
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру