Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарлық жамағат Арман Қуанышбаевпен кездесті

06.03.2017 3312 0 пікір

Павлодар облысы мешіттерінің жамағаты белгілі исламтанушы ғалым Арман Қуанышбаевпен кездесу өткізіп, тағылымды уағызын тыңдауда.

Өткен аптаның соңын ала Павлодар облысына арнайы іссапармен келген білікті ұстаз әуелі жұма намазында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне жиналған мыңдаған адамдарды «Ата-ананың алдындағы перзенттің борышы» туралы уағызымен тұщындырса, келесі кезекте Ақсу, Екібастұз, Баянауыл адуданы мешіттері жамағатымен, сонымен қатар қалалық «Ақмешіт», «Ғазиз» мешіттерінде ақшам-құптан намазы аралығында мұсылман қауымын әртүрлі тақырыптардағы уағызымен ұйытты. Бұл уағыздарға шамамен үш мыңға жуық жамағат жиналды.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен білікті ұстаз облыстағы барлық қала, аудан, ауыл имамдарына осы дүйсенбіден алдағы сәрсенбі күніне дейін таңертеңгі сағат 10.00-12.00 аралығында «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында 3 күндік семинар-сабақ өткізеді деп жоспарлануда. Семинарға 80-ге жуық имам-молдалар тұрақты қатысады. Олар ұстаз Арман Қуанышбаевтан көкейдегі түрлі сұрақтардың жауабын алатын болады.

Арман Қуанышбаев ұстазбен кездесудің жазба және бейне нұсқалары жақын күндері «Mazhab.kz» сайтының «Видео» айдарында жарияланатын болады.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру