Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстанда жерлеу рәсімдеріне қаржы жұмсауды заңмен шектемек

06.03.2017 4163 0 пікір

Алдағы уақытта қайтыс болған адамды жерлеу мен қабір салу тәртіптерін нақтылайтын заң жобасы дайындалады.

Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлайды.

Алматы жерлеу қызметтері комбинаты қызметкерлерінің айтуынша, қазақтардың көпшілігі мазарды үлкен етіп салу үшін банктерге барып несие рәсімдеуден де тайынбайды.

«Қазіргі таңда қазақтар арасында мәйітті жерлеуде де бәсекелестік асқынып кетті. Осыны тоқтату үшін бірқатар бастамалар бар», — дейді «Алматы салттық қызмет көрсету арнайы комбинаты» ЖШС директоры Марат Исмайылов.

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қазірдің өзінде жерлеу тәртіптерін дайындап қойды. Құжатта қабірдің басына мәрмәрдан тас қою мен ескерткіш орнатудың міндетті еместігі, тек қана көрінетіндей етіп қоршап қою жеткілікті екені айтылған.

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру