Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда Елбасы Жолдауына орай семинар өтті

06.03.2017 3511 0 пікір

Алматы қаласы, Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінде мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына Жолдауына қолдау аясында  «Елбасы жолдауы - жарқын болашаққа жетелейді» атты семинар өтті.

Семинар барысында Әуезов ауданы «Ақсай» мешітіне 2017 жылдың ақпан айында бас имам қызметіне тағайындалған Қасымалиев Бахтияр Қыдырбекұлы аудан имамдары мен жақынырақ танысты.

Семинардың басты мақсаты – аудандағы мешіт жамағатына Елбасының Жолдауын баяндап, алдымыздағы жылдың жұмыс жоспары айқындалды.

Жоспар бойынша ауданымызда жастар ісі жөнінде уағыз-насихат, оқу ағарту, қайырымдылық, жұмыстар және жолдауда айтылғандай радикалды ағымдардың алдын алу шаралары жоспарланды.

Семинарда Әуезов ауданы бойынша «Таугүл» және «Музаммил» мешіттерінің бас имамдары мен  наиб имамдары және ұстаздары бас қосты. Жиын соңында аудан имамы келген жұршылыққа алғысын білдіріп, дұға жасады.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру