Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты Ерсін Әміремен кездесті (ФОТО)

03.03.2017 3684 0 пікір

Кеше Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты белгілі исламтанушы ғалым Ерсін Әміремен кездесу өткізіп, тағылымды уағызына қанығып қайтты. Астана қаласына арнайы іссапармен келген білікті ұстаз жамағатпен оқылған ақшам намазынан кейін мешіт жамағатына кіші күнәлар тақырыбында уағыз өткізді.

Ұлағатты ұстаздың әр сөзін ұйып тыңдаған мешіт жамағаты құптан намазына дейінгі уақыттың қалай өткенін де аңғармай қалғандай. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа алмасып, көкейдегі түрлі сұрақтардың түйіні тарқатылды. Кездесудің бейне нұсқасын жақын күндері сайтымыздың «Видео» айдарынан тамашалауға болады.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру