Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иманғали» мешіті ұжымы жетімдер үйіне қайырымдылық жасады

02.03.2017 3368 0 пікір

1-наурыз – «Алғыс айту» күні «Иманғали» орталық мешітінің ұжымы Сабыр Қазыбаев атындағы №1 мектеп-интернатына барып, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалармен кездесті.

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлы басшылық еткен қайырымдылық шеруін мектеп-интернат оқушылары қуана қабылдап, жүрекжарды ыстық лебіздерімен бөлісті.

Шара барысында өкіл имам саналы ғұмырларын бала тәрбиесіне арнап, жетім балаларды өз баласындай мәпелеп отырған интернат ұжымына алғыс сезімін білдірді. «Жетім ақысы – Алла ақысы. Жаны жаралы жетімнің басын сипап, оған қамқор болу – пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Ендеше, Алла Тағаланың разылығына қауыштырып, сансыз сауапқа кенелтер қызметтеріңізге береке тілеймін», – дей келе, аналық мейірім, аялы алақанға зәру балаларға арнайы ала барған тәттілерін тарту етті.

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру