Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешіті Астананың 25 тұрғынына қайырымдылық жасады

02.03.2017 3299 0 пікір

Көктен нұры төгілген көктемнің алғашқы күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде ерекше шуақты өтті. Құлшылық ордасындағы қайырымдылық шарасы Астана қаласының 25 тұрғынына жылу сыйлап, көңілдеріне жұбаныш ұялатты. Бекітілген кесте бойынша, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бұл жолғы қайырымдылық шарасы мүгедек және зағип жандар отбасыларына, науқас сәбиі бар немесе көп балалы ата-аналарға арналды.

Шара аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы жиналғандарға жылы лебізін білдіріп, бүгінгі қайырымдылық шарасы мешіт жамағатының зекеті екендігін жеткізді. Науқастар жандардың сырқатына шипа сұрап, жамағатпен бірге дұға жасады. Шара аясында мұқтаж жандарға 500 мың теңге үлестіріліп берілді.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру