Асыл дінімізде жасалған игілікті іс үшін Алла Тағала тарапынан берілетін сыйды сауап дейміз. Кімде-кім ислам парыздары мен бұйрықтарын орындап, Алла ризалығына сай жақсылықтарға лайық істер атқарса сауап жинайды, құдайдың шексіз мейірім шапағатына иеленеді. Көптеген аяттар адам баласын Аллаға сенуге, күнәдан сақтанып сауап жинауға шақырады.
Осы тұрғыдан «Мүгедек жандарға қамқор болайық!» шара аясында оларға көңіл бөліп, қайрымдылық жасау ісін өңір мешіттері түгелдей қолға алынуда. Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті осы қалада мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын 5 отбасына және Павлодарский ауылындағы медресе шәкірттеріне зиярат жасап, қайрымдылық шараларын өткізді.
Ал, Екібастұз қаласында тұратын мүмкіндігі шектелген жандардың отбасына Екібастұз қаласының бас имамы Б.Отарбаев мешіт сауат ашу курсында оқитын бір топ шәкірттерімен бірге зиярат етіп, азық-түлік пен көмектер көрсеткен болса, Железин аудандық мешітінің бас имамы ауылдағы 2 қарияның үйіне зиярат етіп, ақсақал мен әженің хал жағдайын біліп мешіт атынын сәлемдеме табыстап, олардың батасын алды.
Алла Тағала сыйлаған әрбір берекелі күндерде бар ынтамызбен ізгі амалдар жасауға асығайық жамағат. Алла Тағала жасаған игі амалдарымызды қабыл еткей. Әмин.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2017
3319
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру