
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Павлодар облыстық Екібастұз қаласының бас имамы, РАНТ мүшесі, теолог Отарбаев Бауыржан Семей қаласына жұмыс сапарымен келді.
Алғашқы күні уағыз-насихат жұмысын Қос мұнаралы орталық мешітінде, екінші күні Бір мұнаралы Тас мешітінде жалғастырды. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат келген жамағатқа Павлодар облыстық Екібастұз қаласының бас имамы РАНТ мүшесі, теолог Отарбаев Бауыржанды таныстырып өтті. Кездесуде теолог Бауыржан Отарбаев «Көркем мінез» және Жаназа да жерлеу жайында уағыз айтты. Құраннан, аяттан, сахих хадистерден дәлел келтіріп, кеңінен тақырыпты ашып түсіндірді. Жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырды.
Кездесу соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алды.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2017
3104
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру