Қостанай облысы өкілділігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы негізінде «Мүгедек жандарға қамқор болайық» деген тақырыпта үстіміздегі жылдың ақпан айында қайрымдылық іс-шарасын өткізді.
Мәселен, Қостанай облысына қарасты қалалар мен аудандардың барлық мешіттердің қызметкерлері сол тұрғылықты жердегі мүгедек жандардың хал-жағдайларын біліп, оларға ерекше көңіл бөлді.
Әрбір мешіт ұжымы өздерінің мүмкіндіктеріне қарай аталмыш шара негізінде мүгедек жандарға көмек көрсету, көңіл бөлу бойынша нақтылы тағылымдық жағы мол кездесулер ұйымдастырды.
Қайырымдылық - асыл қасиет. Сондықтан оны түсінген азаматтар бұл ортақ іске үлес қосуға қашан да дайын. Осы күнге дейін өңір бойынша 138 адамға көмек көрсетіліп, олардың ризашылығына бөленді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
3410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру