
Діни басқарманың қолға алған бағытының бірі - жастармен жұмыс жасау. Жастармен жұмыс жасау мақсатында әрбір облыстан арнайы бекітілген жауапты имамдар бар. Жастармен жұмыс Маңғыстау облысында да өз деңгейінде атқарылып келеді. Маңғыстау облыстық орталық мешіті тарапынан ұйымдастырылған шараларға үнемі белсенді араласып, бірігіп атқаруда өз үлестерін қосып жүрген жастар ұйымының бірі «Ақ жол - жастар» жастар қанаты. «Ақ жол – жастар» қанатының құрылғанына биыл 2 жыл толды. Құрылғанына 2 жыл толуына орай, арнайы жиын өткізді. Аталмыш жиынға Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков пен жастар ісіне жауапты имам Е.Атибеков қатысты. Өкіл имам «Ақ жол – жастарын» арнайы құттықтап, алғыс хат беріп, мешіт атынан сый жасады.
Қазақстанның «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашев Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбековке «Ақ жол - жастарына» қолдау білдіргені үшін алғыс білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Алғыс хатты Маңғыстау облыстық «Ақ Жол» партиясының филиал төрағасы Ж.Матаев өкіл имамға табыстады.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
3394
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру