Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қариялардың басқосу жиыны марапатқа ұласты

28.02.2017 3385 0 пікір

24 ақпан күні «Иманғали» орталық мешітінде бас қосқан қариялардың кезекті «Жұма шайы» марапатқа ұласты. Нақты айтсақ, қасиетті жұма күнгі жұма намазынан кейін жайылған қариялар дастарханында бірлік, ынтымақ тақырыбында уағыз айтылып, халыққа қызмет етіп жүрген бір топ ақсақал ағаларымыз сертификатпен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ел арасында қызмет етіп жүрген ақсақалдарымыздың біліктілік арттыру курсында білімдерін шыңдап, кейін арнайы сынақ емтиханынан өткенін хабарлаған болатынбыз. Аталған құжат сол сыннан сүрінбей өткен 10 қарияның біліктілігін арттырғанын растайтын дүниелер еді.

Шара барысында ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қарияларды сертификат алу қуанышымен құттықтап, елге сіңірер еңбектеріне береке, толағай табыс тіледі. Өкіл имам байырғы қазақ даласындағы ұлттың тұтастығы, ел бірлігін сақтаған ақсақал, би-шешендердің өнегелі өмірлерінен үлгі келтіре отырып, кейін келе жатқан толқын алдында даналығымен озған ақылман қария болуға шақырды.

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру