
25 ақпан күні «Әт-Тақуа» мешітінде айлық отырыс болып өтті. Әр ай сайын тұрақты түрде өтіп тұратын басқосудың осы жолғы тақырыбы Садақа мәселесіне арналды.
Жұмылған жұдырықтай бір болуды насихаттап, ауызбірлікті арттыруға шақыратын осынау жиынды мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы ашты. Ол өз лебізінде көппен бірге Алла Тағаланы еске алып, пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін ұлықтаудың артықшылықтарын атап көрсетті.
Жиын басында сөз алған ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы көрер көзге елеусіз көрінетін садақаның Алла Тағаланың ашуын тоқтатып, 70 түрлі пәле-жаладан сақтайтын сансыз сауабын әңгіме өзегіне айналдырды. Бүгінгі таңда берген садақасын жария жасау үрдісінің садақаның шариғи үкімін білмеуден туындап жатқан жайт екенін ескерткен ол «Лаулап жанған отты су қалай өшірсе, садақа да күнәны солай өшіреді. Бұл теңеу семес. Ислам тарихында болған жағдай. Хазіреті Омардың (р.а.) тұсында Мәдинада өрт шығады. Тілсіз жауды өшіре алмаған ел әбден абыржиды. Сонда Омар (р.а.) жұртына кедейлерге садақа беруді бұйырады. Қайырлы амалдың іске асуы сол-ақ екен, өрт те өшеді. Міне, садақа беріп, Алла Тағаланың разылығымен қауышудың асқақ үлгісі», – деді.
Адам баласының қияметте есепке тартылғанға дейін бұл фәни дүниеде берген садақасының көлеңкесінде тұратынын тебіреніспен айтқан Батыржан қажының жүректен шыққан шынайы сөздері жамағатты толқытып, көзге жас алдырды. Бұл – пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сағыныш, өзінің сүйікті құлы еткен Алла Тағала құдіретіне деген сүйіспеншіліктен шығып жатқан жүректің жасы да!
ҚМДБ-ның Атырау өңірі
бойынша баспасөз қызметі,
қалалық «Әт-Тақуа» мешіті
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.02.2017
3541
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру