Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұбанов жастары Жолдауға үн қосты

28.02.2017 3268 0 пікір

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің химия факультетінің І, ІІ және ІІІ курс студенттері Елбасының биылғы Жолдауын талқылады. Жиынға университеттің оқытушылары мен ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Асылхан Темірханов та қатысты.

Жолдауда жастарға қатысты қамтылған бірқатар мәселелер талқыланып, жастардың өз-өздерін бәсекелестікке баулуы, кәсіпкерлікке ден қоюы туралы айтылды. ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Асылхан Темірханов Жолдауды қолдау, Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында бөлім және «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстардың ретіне тоқталды.  Сондай-ақ, «Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда «сүзгі» адамның ішінде болу керек» деген Елбасы сөзін басты назарға ала отырып, жастарды әрбір ақпаратты «сүзгісіз» өткізіп, санаға сіңіре беруден сақтандырды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру