Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қаза болған үйге көңіл айтты

28.02.2017 3274 0 пікір

Ақтөбе өңірінің тумасы Еркін Сайланұлы отбасымен бірге тілсіз жаудың құрбаны болды. Балқаш қаласында әскери қызмет атқарған азаматтың, оның жұбайы мен екі жасар баласының ажалына көрші үйден тұтанған өрт себеп болған.

Қасиетті жұма күні Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан  Еркін Сайланұлының жанұясына, ата-анасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл білдіріп, қазаға басу айтты. Жақындарын сабыр етуге шақырып, Алладан жеңілдік тіледі. Тілсіз жаудың кесірінен көз жұмған Еркіннің, оның жұбайы мен баласының рухына Құран бағыштады. 

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру