Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақпан айында жарты миллион теңгенің көмегі көрсетілді (ФОТО)

27.02.2017 3158 0 пікір

Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі өз жұмысын бастағанына биыл үшінші жылға аяқ басты. Осы мерзімде аталмыш қызмет тұрмыста мұқтаж болған жүздеген адамдарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса ізгі ниетімен ай сайын көмектер жасап келді.

Биылғы ақпан айында аталмыш қызмет тек бірінші және екінші группадағы мүгедектік анықтамасы бойынша 25 отбасы мүшелеріне азық-түлікпен көмек көрсетті. Оларға арналған  пакеттте ұн, шай, сұйық май, қант, күріш және дайын кеспелер қатарлы ең қажетті азық-түліктер қамтылған. Бұл шараға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жастар ісі бөлімі, Қыздар және әйелдер секторы атсалысты. Олар мешітке өз аяғымен келіп көмек пакетін алуға мүмкіндігі жоқ 6 отбасына өздері жеткізіп беріп, олардың тұрмыс-тіршілігіне танысып, зиярат жасады.

Сонымен қатар осы аптаның ішінде «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі баспанасы  өртеніп, 5 қызымен далада қалған, әйелі де өзі де мүгедек Ризабек атты азаматтың отбасына жұма намазға жиналған жамағаттың қолдауымен 272 000 (екі жүз жетпіс екі мың) теңгенің ақшалай көмегін көрсетсе, жуырда Алматы қаласынан білім алуға баратын жас шәкірттің жолына да біраз қаражатпен көмек жасады. «Барыңмен бөліс!» қызметінін ұйымдастырушылардың есебі бойынша тек осы ақпан айында мұқтаж отбасыларға 500 мыңға жуық теңгенің ақшалай және азық-түлікпен көмектер көрсетілген.

Қайырымды жандардан көңіл жылуын сезінген кісілер «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қызметін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын жаудырды.

Алла Тағала барлығымыздың жүректерімізге қайырымдылық пен мейірімділікті молынан ұялатып, ізгі жандардың қатарынан болуды нәсіп етсін!

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру