Науан хазірет мешітінде өткен қасиетті жұма намазында ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі Қанат Қыдырмин жамағатқа Мүфтидің бұйрығымен жаңа наиб имам болып тағайындалған Қанат Алшимбаевты таныстырды.
Қанат Алшимбаевтың есімі Көкшетаудың мұсылман қауымына жақсы таныс. Ол осы қызметке дейін облыс орталығындағы «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры лауазымын атқарған еді. Оның алдындағы жылдары аталған мешітте наиб имам болып та қызмет еткен-ді. Білімі – жоғары, «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетін үздік бітірген.
Біз де оған жаңа жұмысында табыс, қасиетті дініміз үшін адал еңбек ете беруге тілектестігімізді білдіреміз.
Бақыт Смағұл
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.02.2017
3688
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру