Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстікте Зекет қорының жұмыстары жарнамалануда

24.02.2017 6523 0 пікір

Исламдағы бес парыздың бірі болып саналатын Зекет жұмыстарын ҚМДБ-ның ОҚО бойынша Зекет қоры жан-жақты насихаттау жұмыстарын қолға алыды.

Осы жұмыстар барысында ОҚО бойынша Зекет қорының өкілі Ғалымжан Назаровтың бастамасымен түрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Осы шаралар ішінде Зекет қорының жарнамалық баннерлері  мешіт аумағының 275 орнында ілінді. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы мен Созақ аудандары толық орындалды. Осы бастаманы қалған аудан, қала, ауылдық мешіттер мен үлкен көшелер мен өзгеде орындарда ілу жоспарлануда. 

Айта кету керек, жарнамалық баннерде зекет берудің мәні мен маңызына, нисап мөлшері және шарттары енгізілген. Яғни, қарапайым жамағат тез түсініп алуына болады. Алла Тағала баршамызға зекет беретіндей мол несібе, бақ-дәулет нәсіп етсін!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру