Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағиптарға жат ағымдар жайында мағлұмат берілді (ФОТО)

24.02.2017 3588 0 пікір

23 ақпан күні Сәкен Өтегенов атындағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада зағип жандармен кездесу болып өтті. Кездесудің қонағы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы болды. Кездесудің мақсаты - жат ағымдар жайында ақпарат беріп, олардан сақтандыру болатын.

Жанарынан айырылған жандарға арналған Зағиптар кітапханасында ұстаздық етіп келе жатқан Бақытжамал Кәрібайқызының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесуде жат ағымдардың аты аталмаса да, түсі түстеліп, біршама мәлімет берілді. Кездесуге қатысушылардың көкейде жүрген сұрақтарына Қуат Ерғалиұлы жауап берді.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру