Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Əйел-қыздар секторы меңгерушісі «Сарыағаш» медресе-колледжінің қыздарымен кездесті

24.02.2017 4454 0 пікір

ҚМДБ-ның «Əйел-қыздар секторы» меңгерушісі А.Тілегенова Сарыағаш қаласы «Сарыағаш» медресе-колледжінде кездесу өткізді.

Кездесу алдымен оқу ордасының жаңа ғимаратының тыныс-тіршілігімен  танысудан басталды. Онда жатақхана, асханасы, спорт залы т.б. құрылымдары аралап көрді. Кездесу барысында шәкірт қыздарға діни білім алудың артықшылығы мен хикметтері жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

Дәл осы күні Сарыағаш қаласындағы аудандық «Сарыағаш» орталық мешітінде атбасын бұрып, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан 31 шәкірт қыздармен кездесті.

Шәкірттермен кездесу кезінде сектор меңгерушісі ДСАК-тың 1-ші және 2-ші кезеңдерін жоғары деңгейде бітірген шәкірттерге сертификат табыс етті.

Сондай-ақ, ресми шаралар барысында «Шымкент» медресе-колледжінің дайындық курсында оқып жатқан 70 бойжеткенмен жүздесіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Айта кету керек, бұл ғимарат өткен жылы қыркүйек айында ашылған болатын. Ғимарат заман талабына сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Кездесу барысында елеулі қызметтер атқарып, дəстүрлі асыл дініміздің дамуына үлкен үлес қосып жүрген әйел жамағаты мен ұстаздарымызға алғысын білдірді.

Жалпы, кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру