Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған өкіл имамы Нұр-Мүбарәк университетінде болды

24.02.2017 3653 0 пікір

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Рымханұлы "Нұр-Мубарак" университетінде оқып жатқан студенттермен кездесті. Еркін түрде болған бұл кездесуде өкіл имам діни қызметтің қыр-сыры туралы айтып берді. Түлектерді діни қызметке шақырған өкіл имам түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, өкіл имам студенттерді жазғы маусымда Талдықорған өңірлік мешіттеріне тәжірибелік жұмыстарға баруға шақырды. Шәкірттермен келелі кездесу өткізген өкіл имам, кездесу соңында жас түлектерге арнап дастархан жайып, өз қатарында, кейбір студенттерге оқуына қаражылай жәрдем берді.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру