
23 ақпан ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Біліктілік пен білімді арттыру – заман талабы» тақырыбында ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар-тренинг өтті. Семинарды Алматы және Астана қалаларынан келген тәжірибелі теолог мамандар жүргізді. Жиын өкіл имам Төлеби Оспанның төрағалығымен өтті.
Семинарда ҚР ДІАҚМ, Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, теология ғылымдарының докторы Балғабек Мырзаев өзінің деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс жасау кезіндегі тәжірибесімен бөлісіп, оңтайлы әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Жат ағым өкілдерімен жүздесіп, сұхбаттасу кезінде олардың әрқайсысының жас ерекшелігіне, мінезі мен діни сауатына мән беру керектігін және оған өз ұстанымыңды үйретіп, оның көзқарастарын теріске шығарудан бұрын бәлкім ортақ тіл тауып, өзара пікір алмасудың әлдеқайда нәтижелі екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, сөйлесу барысында қойылуы тиіс сұрақтар тізімін жасаудың тиімділігін де атап өтті. «Дағуат пен дағуатшы» тақырыбында баяндама жасаған «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты Еркінбек Шохаев дағуат жасау кезінде ескеруі тиіс жайттарды атап өтті. Дағуатшының бойында болуы тиіс қасиеттерін тірек-сызбалармен жеңіл түрде түсіндірген теолог сөйлеушінің сөзі мен ісінің өзара үйлесімділігіне мән беріп, адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде қарапайым, діни және дүниауи ілімде жан-жақты болуы керектігін айтты.
Жиында «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан мен қалалық орталық мешіттің бас имамы Серікжан Еншібайұлы да тақырып аясында сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жат ағымдармен жұмыс жасау кезінде туындайтын басқа да сұрақтар, кедергілер мен кемшіліктер жиынға қатысушылардың ортақ талқысына салынды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2017
3003
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру