Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО мешіті қарияның көзіне ота жасатты

23.02.2017 3244 0 пікір

Діни басқарма ақпан айын «Мүгедектерге мейірімділік танытайық» айы етіп жариялаған болатын. Осы айлық аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті көмекке мұқтаж, көзі көрмей қалған жалғызбасты қарияға қол ұшын беріп, көзіне ота жасатып берді. Сонымен қатар, қарияны барлық түрлі дәрігерлік тексеруден өткізіп, дәрі дәрмегіне қарайласты.

Мешіттің қайырымдылық шарасының негізінде қомақты қаражатқа жасалған ота сәтті болғандығы сондай, бұрын су қараңғы болып қалған қарияның көз жанары ашылды.

«Мен жарық әлемді көруге зар боп жүр едім. Көз көрмеген соң өз бетіңмен жүріп тұруда қиынға соғатындығы белгілі ғой, енді міне өз бетіммен жүріп тұрып, тірлік ете алам. Маған мына жарық дүниені қайта көруді сыйлаған облыстық мешітке шынайы алғысымды білдіремін», - дейді ақсақал өз ризашылғын білдіріп.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру