ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторы Алматы қаласындағы өкілдігінің қалалық белсенді нәзікжандылармен ұйымдастырған кезесуі нәтижесі бойынша инабатты бойжеткендер мектебі ашылып, оған «Райхан» атауы берілді. Бұл ұйым сектордың әртүрлі іс-шараларына қолқанат болатын, Ислам дінінің дұрыс бағытын насихаттауға ат салысатын еріктілер тобынан құралады.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында, оның ішінде бойжеткендер арасында да әртүрлі қоғамдық проблемалар бар екендігі жасырын емес. Өзіне өзі қол жұмсау, некесіз қатынасқа бару салдарынан аборт жасату, жастар арасындағы бөлінушілік, әр-түрлі ағымдарға кіру, өзгенің құқығын таптау, төзімсіздік секілді жайттар көп орын алуда. Сондықтан да жастар арасында имандылық пен инабаттылықты, биязылық пен сыпайылықты, ұлттық құндылықтар мен адамгершілікті көптеп насихаттау кезек күттірмес мәселелердің бірі.
ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшілігімен жұмыс істейтін «Райхан» инабатты бойжеткендер мектебінің жұмысы осы бағытта өрбіп, оның құрамындағы бой жеткендер саны күн өткен сайын арта түседі деп күтілуде.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.02.2017
5853
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру