ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің әйелдер-қыздар секторы өз жұмысын бастағалы біршама игілікті шараларды ұйымдастырып, аймақтағы әйелдер-қыздар жамағатының жұмысы күшеюде.
Тек қана жергілікті мешіттерде ғана емес, аудан, қала, кенттерде орналасқан мешіт ұстаздары әйелдер-қыздар секторының жұмысы аясында бірқатар шараларды өткізуде.
Атап айтар болсақ Байқоңыр қаласындағы Жәрімбет мешітінің әйелдер-қыздар бөлімінің ұстазы Сыдыкова Ләззат «Әжелер мектебін» ашып, қажы апалардың басын қосып, "Қыз өссе елдің көркі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Сондай-ақ, қалалық «Ыбрайым молда» мешітінде әйелдер-қыздар секторының бастамасымен "Отбасы құндылығы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мешіт ұстазы Сарыкулова Асия ұстаз шәкірттердің ата-аналарын шақырып, тәрбие өзегі – имандылық, отбасы тұрақтылығы турасында насихаттарды жеткізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы жетекшісі, қалалық «Айтбай» мешітінің ұстазы Файзуллина Марал осы бағыттағы бірқатар игі бастамалардың жүзеге асырылуына мұрындық болуда.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.02.2017
3617
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру